КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ

2024 жылдың 15 қаңтарында Қарағанды қаласының  Ә.Бөкейханов  ауданына қарасты М.Мамыраев атындағы мектеп-интернатында кәсіптік бағдар беру  жұмысы бойынша «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Р.Х.Абдрахманов 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Аталған шара барысында «Bolashaq» Академиясы туралы, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы жайлы сұхбат құрылды, тың ақпараттар берілді.

Қазақ тілі әдебиеті кафедрасының жетістіктері, студенттердің өмірі, жеңілдіктер, мүмкіндіктер  жайлы да сөз қозғалды.

Оқу орнына жергілікті жерлерден талапкерлер тарту мақсатында «Bolashaq» Академиясына оқуға түсудің ережелері туралы айтылды. Мектеп оқушылары өздерін толғандырып жүрген сұрақтары бойынша біршама мәліметтер алды. Кездесу барысында «Bolashaq» Академиясының негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды,  академия туралы мәліметтермен таныстыратын буклет таратылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.