Менің мамандығым – педагог

2024 жылдың 22 қаңтарында Қарағанды қаласының, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей интернатында  кәсіптік бағдар беру  жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған  іс-шара жоспарына сәйкес «Менің мамандығым – педагог»  тақырыбында 11-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Қ.Қ.Жанузахова оқушыларға «Bolashaq» Академиясы, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы жайлы  ақпараттар беріп, буклеттер таратты.

Білімге талаптанған, болашаққа қанаттанған, білім бәйгесіне түскелі тұрған түлектер де өзінің қызу ынтасын танытып, белсене қатысты. Оқушылар өздері тарапынан қойылған ЖОО-ға түсу, ҰБТ өзгерістері туралы сұрақтарына тиісті деңгейде жауап алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.