Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы мектептерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2021 жылдың 23 сәуірінде ZOOM тұғырнамасында ЖМ “Bolashaq”академиясы” кафедраларының оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Жаңаарқа ауданы мектептерінің түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге аудан бойынша С.Сейфуллин атындағы мектептің 10-11 сынып оқушылары және ұстаздары қатысты. Шараны Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.А. Абылбаева ұйымдастырып, жүргізді. Онлайн кездесуге Академияның ББ бойынша кафедра оқытушылары: пед.ғылымдарының магистрі, аға оқытушы К.А.Сарбасова., биология ғылымдарының магистрі К.С.Хаштай., аға оқытушы Отыншиева Г.К. қатысты.

Кездесу барысында болашақ түлектерге және мектеп оқушыларына Академияның білім беру бағдарламалары туралы түсіндіріп, құжаттарды тапсыру және қабылдау рәсімі, ҰБТ мәселелері бойынша, сондай-ақ мектеп мұғалімдері мен орта жалпы білім беру мекемесінің қызметкерлері үшін магистратураға түсу мүмкіндігі туралы мәліметтер берді.

Түлектер жатақханаға, жалпы оқу ақысы туралы, оқу ақысын төлеуге жеңілдіктерге, білім беру гранттарына және т. б., оқу мәселесіне қатысты сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.

Алдағы уақытта облыс бойынша барлық аудан, қалалармен қашықтықтан кәсіби бағдар беру жұмысы жалғасады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.