Спартакиада ойындары

Қаңтар айының 17-18 күндері «Bolashaq» Академиясында үстел теннисі, дартс, дойбы және спорттың тағы бірнеше түрінен жыл сайынғы дәстүрлі спартакиада ойындары өтті. Биылғы спартакиада ойындарына білім беру бағдарламалары мен арнайы бөлімдер жеке команда құрап қатысты. Төрт айлық оқу үдерісі саябыр тапқан шақпен тұспа-тұс келген думанды дода екі күнге ұласып, кафедралардағы профессорлық-оқытушылық құрам барын салды. Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды, ұжым боп жұдырықтай жұмылды.

Спартакиада қорытындысы шығар сәтте барлығының көңілі көтеріңкі, ерекше шат сезімде болды. Ұжымды ұйыстыруға, оқу үдерісінен сергітуге бағытталған мұндай шараның ең басты мақсаты да осы еді. Спартакиада ойындарын жоғары дәрежеде ұйымдастырған академия басшылығына алғыстан басқа айтар жоқ.

Сонымен, спартакиада қорытындысы жалпыкомандалық есепте мынадай нәтижемен түйінделді:

1-орында – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының командасы;

2-орында – оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімдерінен құралған команда;

3-орында – заң және қаржы пәндерінен құралған кафедра командасы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.