5 мамыр күні “Bolashaq” академиясында ПОҚ және студенттердің қатысуымен жалпы ЖОО сенбілігі өтті. Сенбілік кабинеттер мен аудиторияларда өтті. Әр топқа жауапты оқытушы бекітіліп, сенбіліктер кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді.



Қызметкерлер, оқытушылар мен студенттер жұмыс кабинеттері мен оқу аудиторияларын ретке келтірді. Сенбілік достық қарым -қатынаста өтті, академия ұжымы қысқа уақыт ішінде алға қойылған міндетті орындап, үйлесімді және тиімді жұмыс істей алатындығын іс жүзінде дәлелдеді.


