2021 жылдың 30 желтоқсанында «Bolashaq» академиясында 2021 жылдың қорытындысы бойынша дәстүрлі ЖОО ішіндегі конкурста үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау бойынша конкурстық комиссия келесі құрамда анықталды: Ректор – Қ.Н. Меңлібаев (төраға), комиссия мүшелері: стратегиялық даму жөніндегі проректор – Г. М. Рысмағамбетова, ОӘЖ жөніндегі проректор – С. Б. Бекжанова, ҒЖ және ӘК жөніндегі проректор – Г. А. Қадырова, ӘТЖ жөніндегі проректор – Р. Н. Исмаилова, КБ басшысы – А. А. Құсайынова, кәсіподақ комитетінің төрайымы П.Т. Догалева.

Жеңімпаздарды анықтау кезінде номинанттың корпоративтік мәдениетті қолдауы, сондай-ақ 1 жылдан аз жұмыс істеген тұлғалар ескерілді.

«Жыл оқытушысы-әдіскері» номинациясы бойынша заң пәндері кафедрасының доценті Жукубаев А. А. жеңімпаз атанды.

«Үздік оқу контенті» номинациясының жеңімпазы – Шет тілдері жзәне МК кафедрасының аға оқытушысы Марышкина Т. В.

«Үздік куратор – эдвайзер» номинациясының жеңімпазы – «ПМНО» кафедрасының аға оқытушысы Байбекова В. А.
«Жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың жоғары тиімділігі» номинациясы бойынша жеңімпаз – «ДОВ» кафедрасының аға оқытушысы-Таликова Г. Т.

«Жоғары ғылыми белсенділік» номинациясының жеңімпазы-кафедра доценті Шевякова А. Л.

«Студенттермен шығармашылық ғылыми жұмыс» номинациясы бойынша жеңімпаздар болып фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы – Темиреева К. С., жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры – Саттарова Ф. Ф. танылды.



«Түлектермен өнімді қарым-қатынас» номинациясы бойынша жеңімпаз-заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Копжасарова С. И.

«Жұмыстың жоғары жеделдігі» номинациясының жеңімпаздары – тіркеу бөлімінің басшысы Б. Б. Бекбашева, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының зертханашысы А. М. Баймамырова.


«Барлық іске шебер» номинациясының жеңімпаздары-кадр басқармасының маманы М.М. Манкаева, екінші корпустың вахтері – О. Драпова.


«Кәсіби қызметтегі жоғары өнімділік» номинациясы бойынша жеңімпаз-академиялық мәселелер жөніндегі проректор-Бекжанова С.Б.

«Bolashaq» академиясының басшылығы барлық қызметкерлерге жұмысы, шығармашылық көзқарасы, жауапкершілігі үшін алғыс айтады және лайықты марапатымен құттықтайды!
