Үздік жас ғалым-2021

2021 жылдың 20-21 сәуір айында жас ғалымдар, студенттер, магистранттар және докторанттар арасында Халықаралық жас ғалымдар ассоциясының (Қазақстан, Нұр-Сұлтан) ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған халықаралық жоба аясында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын Тәуелсіз мемлекеттер достығы «Үздік жас ғалым – 2021» атты талантты жас ғалымдардың кітап жинағының ІІІ-ші шығарылымы жарияланды.

«Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі конференциялар өткізуге маманданған, оның базасында техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың түрлі салалары бойынша авторлық ғылыми жұмыстар жарияланады.

Бұл жобаның басты мақсаты – ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы ғалымдардың, оқытушылардың, ізденушілердің (аспиранттардың), студенттер мен мамандардың зерттеулері мен практикалық әзірлемелерінің перспективалық нәтижелерін орналастыру, посткеңестік кеңістіктің түрлі өңірлеріндегі ғалымдар арасында теориялық өзара қарым-қатынастарды жолға қою, ғылыми нәтижелер мен зерттеу тәжірибесімен өзара алмасу.

Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылды. Аталған жобаға «Bolashaq» академиясы, заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Көпжасарова Сағынгүл Ізбасаровна қатысып, ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының “Үздік жас ғалым-2021” төсбелгісімен, «Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық үздік жас ғалымдардың кітап жинағымен, сондай-ақ жобаға қатысушының І дәрежелі дипломымен марапатталды.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.