«Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның «Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар» тақырыбындағы секциялық мәжілісі

2024 жылдың 26 сәуірінде «Bolashaq» Академиясы жеке меншік мекемесі әріптестерінің ұйымдастыруымен  өткен «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның «Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар» тақырыбындағы секциялық мәжілісі өтті.

«Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар» тақырыбында өткен №4 секция жұмысына Ресей Федерациясы, Алтай Республикасы Таулы-Алтай қаласы Таулы-Алтай мемлекеттік университеті, Башқұртстан, Уфа қаласы, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Өзбекстан республикасы Қарақалпақстан, Нөкіс мемлекеттік педагогика институтының қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы, Өзбекстан республикасы, Қарақалпақстан, Нөкіс, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы,  Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Орал қаласы,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті оқытушы-профессорлық құрамы мен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектептер мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы магистранттары, студенттері қатысты. Ғылыми-практикалық конференциясының секциялық жиналысында баяндама жасаушылар баяндамаларымен таныстырып, ойларын ортаға салды, сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен алмасты.

Секциялық мәжілісі қорытындыланып, ғылымилығы мен өзектілігіне қарай көзге түскен мақалаларды атап өттік:

Исмаилова Райхан Налжигитовна кафедрасының доценті, мақала тақырыбы: «Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі көркемдік ізденістер»;

Касетова Насихат Кумисбековна, білім беру бағдарламасы магистранты, мақала тақырыбы: «Халық мысалдары туралы ой-пікірлер»;

Жанузахова Карлыгаш Калдаровна, кафедрасының аға оқытушысы

 Мақала тақырыбы: “Жыраулар поэзиясындағы көнерген сөздер”

«Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» тақырыбында өткен дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға білім беру бағдарламасы оқытушыларының, шетелдік білім орындары қызметкерлерінің, жалпы орта білім беретін мектептер мұғалімдерінің, әсіресе магистранттардың қызығушылықпен қатысқандығы байқалды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.