№7 “Биология, медицина және фармацияның қазіргі заманғы аспектілері” секциялық отырысын өткізу туралы есеп

Конференцияға 13 мақала ұсынылды.Секциялық баяндамалар авторларының географиясы келесідей: Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қаласы – 3 мақала ; С.Ж Асфендиярова атындағы Қазақстан медицина университеті, (Алматы қ.) – 2 мақала, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен – 3 мақала Қарағанды қаласының №40 орта мектебі – 1 мақала, сондай – ақ, Қарағанды медициналық университетінен – 3, және “Bolashaq” Академиясының оқытушыларынан. Барлығы 13 мақала мәлімделді, оның ішінде: қазақ тілінде -6, орыс тілінде – 7.

Отырысқа 15-ке жуық адам қатысты, олар фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары мен баяндамашылар.

Отырыста жаңа дәрілік препараттарды әзірлеуге арналған екі баяндама таныстырылды, бұл сөзсіз Қазақстан Республикасындағы өзекті мәселе болып табылады. Мәселен, “Дәрілік қырмызы сығындысы қосылған жақпа технологиясын әзірлеу” тақырыбындағы алғашқы мақаланы А.К. Әлімжанова (жұмыс жетекшісі, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті) Қалдыбаева А. К.) ұсынды. Сондай-ақ, “Дәрілік қырмызы гүлдерінен алынған май сығындысының сапа көрсеткіштері” тақырыбындағы мақаланы Ж.Н.Көбейсінова баяндады (жұмыс жетекшісі, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті Қалдыбаева А. К.). Екі баяндамашы да материалды жақсы меңгерген, қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.

Үшінші мақаланы биология және химия пәнінің мұғалімі С.Т. Шакабаева “Дәрілік шөптер” тақырыбында баяндады, жұмыс аудиторияның қызығушылығын тудырды, баяндамашы фармацевтика пәні мұғалімдерінен көптеген сұрақтар мен ұсыныстар алды.

Жалпы шешім бойынша баяндамашылар А. К.Әлімжанова мен Ж. Н. Кобейсинова марапатталды. Екі жұмыстың жетекшісі доцент А.К. Қалдыбаеваға Алғыс хат табыс етілді. Мұғалім С. Т. Шакабаева мерейтойлық конференцияға қатысушы сертификатын алды.

Секция төрағасы                                                      Тнимова Г.Т.

Хатшы                                                                          Тутай Д.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.