ХVI Республикалық пәндік олимпиада

2024 жылдың 25-26 сәуірінде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «6B01701– Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында ХVI Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Пәндік олимпиадаға «6B01701– Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Жұрағат Аймарал, Мұратхан Әужан, Оразхан Айкенже қатысты.

1-кезеңде «Қазақ тіл білімі», «Әдебиеттану» бойынша тест тапсырмаларын орындап,
2-кезеңде кешенді тілдік және әдеби-теориялық талдау жасады. Еліміздің 23 жоғары оқу орнынан студентер келіп қатысып білімдерін сынға алды. Академиямыздың студенттері де қалыс қалмай жақсы нәтиже көрсетіп, өздеріне тәжірибе жинады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.