“Заманауи білім беру” журналының кезекті шығарылымы

Bilim Expert агенттігі “Заманауи білім беру” журналының кезекті шығарылымының электрондық нұсқасын ұсынады.

Нөмірдің қысқаша аңдатпасы:

БАЛАЛАР МЕКТЕПКЕ БАРУЫ КЕРЕК!

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты И.В. Смирнова коронавирус пандемиясы жағдайындағы карантинге байланысты қазақстандық оқушыларды қашықтықтан оқытудың күрделі проблемалары туралы журналдың сұрақтарына жауап береді. Ол балалардың мектепке баруы керек деген үлкен дәлелдер келтіреді.

ӨНДІРІСКЕ АРНАЛҒАН КАДРЛАР

ҰСЫНЫС ЖӘНЕ СҰРАНЫС

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің студенттері мен түлектерінің, олардың тәлімгерлерінің өмірі біздің шаруашылықтың, жергілікті жерлердегі жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне барынша сәйкес келу жағына қарай түбегейлі өзгеруде. Мұны ҚР Білім және ғылым министрлігінің бейінді департаментінің директоры Насымжан Оспанованың сұхбатынан көруге болады.

ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ КӘСІБИ ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайындағы мұғалімдердің зерттеушілік қызметі елорда мектептерінің жұмысында педагогтердың кәсіби шеберлігін, оқыту сапасын қамтамасыз ететін маңызды бағыт болды. Бұл жұмыстың мазмұны мен нәтижелері туралы Нұр-сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының директоры Әлия Мақышева әңгімелейді.

PISA ТАЛДАУЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРГЕ НЕ ҚАЖЕТ?

Автор Ж. Мусинаның мақаласының мақсаты PISA зерттеу деректері арқылы мектеп ресурстарының оқу үлгеріміне әсерін анықтау болып табылады. Білім беру сапасын жақсарту бойынша шаралар ұсынылды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ОНЛАЙН-ФОРУМЫНДА ҰБТ-НЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ҰСЫНЫЛДЫ

“Заманауи білім беру” кезекті форумында Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматының тұсаукесері өтті, мектеп бітіру және ЖОО-ға түсу кезеңінде талапкерлер алдында сөзсіз туындайтын мәселелер бойынша түсініктемелер мен ауқымды материалдар берілді. Форум өткен жылдағыдай онлайн режимде өтті.

https://www.bilim.expert/so/2fNQDgK6L?languageTag=ru&cid=cbf6da26-2edf-4472-b1a1-baeff5bc06aa#/main

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.