2026 жылдың 16 қаңтарында педагогика кафедрасының аға оқытушысы Жапанова Риза Набиевна 6D010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша «Бастауыш мектеп білім алушыларының салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында докторлық (PhD) диссертациясын сәтті қорғады.

Риза Набиевнаның бұл ғылыми жетістігі – білім беру саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуге қосылған маңызды үлес әрі академиямыз үшін зор мақтаныш. Ғылыми-зерттеу қызметінде жоғары кәсібилік, табандылық пен ізденістің айқын көрінісін көрсеткен әріптесімізге алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа ғылыми белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!
Ізгі тілекпен, «Bolashaq» Академиясының ұжымы