15–16 қаңтар күндері Астана қаласында «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары» атты республикалық форум өтті. Форум жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамыту және заманауи тәсілдерді енгізу мәселелеріне арналды.
«Bolashaq» Академиясы атынан форум іс-шараларына Академия ректоры — Аданов Қуанышбек Буланович және «Фармация» кафедрасының меңгерушісі — Тулебаев Ерболат Абибиллаевич қатысты.

Форумға қатысу жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы өзекті үрдістермен танысуға, ішкі сапа жүйесін дамыту перспективаларын талқылауға және жетекші жоғары оқу орындары мен салалық ұйымдардың өкілдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
«Bolashaq» Академиясы болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру және тұрақты даму бағытында жүйелі жұмысын жалғастырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, академиялық ортаны дамытуға және оқыту үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізуге ерекше көңіл бөледі.