2019 жылдың 28 тамызында облыстық соттың Оқу орталығында “Сот- құқықтық реформа — қоғамның сот төрелігіне сенімін арттыру” атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
Конференция аясында келесі мәселелер талқыланды:
1. Қабылданған заңнамалық өзгерістер шеңберінде сот жүйесін жаңғырту.
2. Қылмыстық сот ісін жүргізу: сот – құқықтық реформаны іске асыру және оны одан әрі дамыту.
Академия өкілдері ” соттардың мамандануын одан әрі тереңдету. Отбасылық соттарды құру” хақында баяндама жасады.
“Соттардың мамандануын одан әрі тереңдету, отбасылық соттарды құру” тақырыбында заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, профессор Ақылбек Тайболатұлы Қабжанов сөз сөйледі. Конференцияның белсенді қатысушылары доценттер Садықова Көкеш Каригуловна мен Жукобаев Ахат Абдрахманович болды.