“BOLASHAQ” АКАДЕМИЯСЫНДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ

Шет елдік әріптестерді тарту және кәсіптік бағдар беру мақсатында 2019 жылы 23 тамызда Қарағанды қаласы мен облыс мектептері мен колледждерінің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері “Bolashaq” академиясының ректоры профессор Менлібаев Құралбай Несіпбекұлымен кездесті.
Бұдан әрі біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен “How to write and publish academic papers” атты практикалық семинар өтті.

Семинар спикері Британдық профессор Gareth Dyke болды. Ол сапалы ғылыми мақалаларды жазу жөнінде нақты ұсыныстар берді.

Кездесу дөңгелек үстел түрінде өтті. Онда барлық қатысушылар сұхбаттасып, сұрақтар қойылып, академиялық жазудың тәжірибесімен бөлісті.

“Bolashaq” академиясы осындай кездесулерді одан әрі өткізуді сондай-ақ, ғылымды дамыту үшін тиімді құралдар жасауды жоспарлап отыр. Мысалы: қазіргі ғылымның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде Академиялық хат бойынша біліктілікті арттыру курстарын немесе табысты жобалық және инновациялық қызметті ұйымдастыру.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.