25 ақпанда Жас ғалымдардың үздік инновациялық жобаларын анықтауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, шығармашылыққа, студенттік өзін-өзі басқаруға, спортқа белсенді қатысатын студенттерді анықтау және ынталандыру үшін бірыңғай біріктіруші алаң құруға бағытталған жоба шеңберінде «Bolashaq» академиясының 3 курс студенті Кожахметов Марлен «Студенттік өзін-өзі басқару» секциясында «ТМД-2022 үздік студенті»деп танылды.

Қазақстан ғалымдары конгресінің қолдауымен «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысының қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «ТМД-ның үздік студенті-2022» республикалық жобасында ТМД студенттерінің ынтымақтастығын қалыптастыруға ТМД-ның үздік студенттері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Марлен Қожахметов естелік медальмен және III дәрежелі дипломмен марапатталды.