“Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау”, “Тілдер және әдебиет” ББ топтары бойынша РОӘК ОӘБ кеңейтілген отырысы»

2020 жылғы 24 тамызда Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ базасында онлайн режимінде тамыз республикалық кеңесі шеңберінде “Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау” және “Тілдер және әдебиет” білім беру бағдарламалары топтары бойынша РОӘК ОӘБ кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңесте 2020 жылдың ақпан айынан бастап 2020 жылдың мамыр айына дейін ағылшын тілінің Аймақтық кеңсесі мен АҚШ Елшілігінің қолдауымен өткен “AE MOOC Facilitated Sessions” жобасының қорытындысы шығарылды, оған “Академия “Bolashaq” ЖМ Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ПОҚ қатысты.

Зерттеушілер тобы: Летяйкина Татьяна Агадымовна – жоба үйлестірушісі, “KazTEA” ЗТБ президенті, Калижанова Анна Николаевна – филология ғылымдарының магистрі, шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы, жоба тренері, және Ибраева Баян Мукушевна – филология ғылымдарының кандидаты, “Академия “Bolashaq” ЖМ шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры, жоба қатысушысы, “аралас оқыту бойынша педагогтердің біліктілігін арттырудағы фасилитаторлардың рөлі”тақырыбында баяндама жасады.

Өз сөзінде олар аралас оқыту кезінде педагогтердің біліктілігін арттырудағы фасилитатордың рөлін қозғады. Қатысушыларының хабардарлығын арттыру, материалды одан әрі жаңа контексте қолдана отырып бекіту және талдау үшін off – немесе online режимінде қосымша сессиялар өткізу қажет екендігі атап өтілді. Осы сессияларда фасилитатор тыңдаушылардың дайындық деңгейіне және олардың қызығушылықтарына сәйкес қосымша платформалар мен құралдарды әзірлеуге немесе таңдауға қабілетті.

Сондай – ақ бұл вебинарда тыңдаушылардың техникалық дайындығына, интернет құзыреттеріне, олардың тілдік деңгейіне және өзін-өзі тәрбиелеуіне тікелей қатынасты болып табылатын (университет 75% нәтиже көрсеткенде, 2 курсты мектеп мұғалімдерінің шамамен 65% – ы және Бакалавриат деңгейіндегі студенттердің шамамен 60% – ы аяқтай алды ) тыңдаушылардың кейбір бөлігінің төмен қатысу проблемалары қозғалды

Баяндамашылар жаппай ашық онлайн курстар платформаларында біліктілікті арттыру кезінде тыңдаушылар тарапынан материалды зерделеу және қолдану тұрғысынан белсенді қатысу қажеттігін атап өтті.

Сөз соңында жоба қатысушылары фасилитаторлардың техникалық лексиканы оқудағы және жергілікті контекст мысалында зерттелген материал бойынша талқылауды ұйымдастырудағы көмегін жоғары бағалағаны атап өтілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.