«Тұңғыш Президент күні» – бұл жақсы мереке. Бірақ оны Қазақстанның даму тарихындағы жаңа кезең ретінде атап өту керек. Президент басқармасына көшу, одан халық бүгінгі таңда пайда табады. Біздің индустриямыз, табысты мемлекет, Қазақстанның беделі – осының барлығы біз салған президенттік республика арқасында. Мен дәл осылай атап өткім келеді.
Н.А.Назарбаев
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 28 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егеменді Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында ол Қазақстан электоратынан Мемлекет басшысының өкілеттігіне ие болды және өз іс-әрекеттерін халық еркімен дәлелдеуге саяси құқыққа ие болды.

2019 жылы 27 қарашада “Bolashaq” академиясының студенттік жастары Елбасының жеке тұлғасын қалыптастыру, кәсіби өзін-өзі анықтау және мемлекеттік қызметі туралы танымдарын кеңейте алды.

“Руханият” үйірмесінің мүшелері Дильназ Айтжанова, Рустам Ахмалетдинов, Ольга Мороз және Мадияр Оспанов ғылыми жетекшісі А.У.Аупеновамен бірге “Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы” атты викторинасын дайындады.

