15 желтоқсан күні Академиямыздың салтанатты залында Тәуелсіздік мерекесіне орай “Тұғыры биік – Тәуелсіздік” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді “Bolashaq” Академиясының ректоры Рысмагамбетова Гульнара Мусиевна ашты.
Атаулы күнге арнап баяндамашылар, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының профессоры Хамзин Мәуен Хамзаұлына , жалпы білім беретін пәндер кафедрасының профессоры Саттарова Фарида Фаттаховнаға және аға оқытушы Смирнов Станислав Юрьевичке сөз берілді. Баяндама өте маңызды әрі тақырып төңірегінде болды.
Поэзиялық тартумен Академиямыздың талантты, белсенді студенттері ортаға шықты. К-20-1 тобының студенті Мұратхан Әужан “ТӘУЕЛСІЗДІК” тақырыбында баяндама жасады.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.
32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!