Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған мерекелік концерт

2019 жылдың 2 желтоқсанында “Bolashaq” академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Дәстүр бойынша “Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Қ. Н. Меңлібаев студенттерді марапаттаудан бастады.  Белсенділер академиясының құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, сыйақы алды.

Одан кейін академияның кадрлық құрамы бойынша бұйрық оқылды. Академия ректорының құрмет грамотасы, Қазыбек би ауданы әкімінің Құрмет грамотасы, Қазыбек би ауданы әкімінің Алғыс хаты, Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасы, Қарағанды қаласы әкімінің Алғыс хаты, Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатын “Bolashaq”ақдемиясының оқытушылары мен қызметкерлері алды.

“Bolashaq” академиясының студенттері мен қызметкерлерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз.

Мерекелік кеш жалғастырды. Ол “Екі жұлдыз”ән фестивалі форматында өтті. Студенттер мен оқытушылардың орындауында барлық қатысушылар үшін біздің ел, Отан туралы музыкалық композициялар шырқалды.

Мерекелік кештің барлық орындаушылары мерекелік іс-шараға белсене қатысқаны үшін алғыс хат алды.

Іс-шараның барлық суреттерін көру және жүктеу Посмотреть и скачать все фотографии с мероприятия

Посмотреть и скачать все фотографии с мероприятия

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.