Кредиттік оқыту технологиясы – басты талап

2023 жылғы 8 қыркүйек күні Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қабжанов Ақылбек Тайбулатович бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сабаққа қатысу, академиялық саясат,  кредиттік оқыту технологиясы  бойынша – білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту екені түсінідіріліп, кездесетін қиындықтар мен сабақ үлгерімін бағалау критерийлері секілді мәліметтер айқындалып берілді. Сондай-ақ, кредиттік оқыту – бұл мотивация, басқару және танымдық іс-әрекеттер арқылы құралатыны да назарға алынды.

Студенттер тарапынан оқыту процессіне байланысты сұрақтар қойылып, Ақылбек Тайбулатовичтен жан-жақты, нақты негізделген жауаптар алынды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.