Түлекпен кездесу

Ұстаздан шәкірт озып, топ жарып жатса әр оқытушының шын жүректен қуанары хақ. Дәл сондай әдемі кездесуге 8 қыркүйекте “Bolashaq” Академиясының студенттері куә болды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Түлекпен кездесу» айдарында қонақта -“Bolashaq” Академиясының 2016 жылғы Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы түлегі, “Бебеу” жыр жинағының авторы – Абай Ораз Амангелдіұлы болды. Ол Республикалық, облыстық әдеби байқаулардың жүлдегері, майталманы.

2021 жылы ҚР Президенттінің Жарлығымен Ораз Абай Амангелдіұлы «Шапағат» медалін иеленді. Сонымен қатар, Абай ағамыздың қоржынында «Қара кемпір» поэмасы да бар.
Аға буын өкілінің жас буынмен кездесуі өнегелі әңгіме мен сырлы сұхбатқа толы болды. Кездесудің, студенттерге әдебиет әлеміне терең үңіліуіне септігі тигізгені сөзсіз.
Ақын өз қоржынынан жарық көрген кітаптарын студенттерге тарту етті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.