“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ашық кураторлық сағат

2021 жылдың 30 қарашасында психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының эдвайзерлері Шутенова Сабира Сартаевна мен Шегай Анель Канатовна “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 1-4 курс студенттерімен белгілі қоғам қайраткері және этнограф Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған “Әлихан Бөкейханов-халық бостандығы үшін күрескер” тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

Іс-шара мақсаты:

-көрнекті қазақ қоғам қайраткері, этнограф, публицист және “Алаш” партиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы мысалында Қазақстанның мәдени мұрасын зерделеуге тарту;

-білім алушылардың ой-өрісін кеңейту; өз елінің тарихы мен тілдерін үйренуге деген қызығушылығын ояту.

Ашық кураторлық сағат аясында Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.

ПиП-18-1 тобының студенті Ким Владислав “Рахмет” өлеңін оқыды.

Тақырыптық кураторлық сағаттың соңында Әлихан Бөкейхановтың ғылыми-педагогикалық, қоғамдық-саяси, журналистік – публицистикалық қызметі, жалпыұлттық бірегейлік пен қазақстандық патриотизмді анықтау мәселелері талқыланды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.