Жаңа тарихи кезеңдегі “Шаңырақ” ҚХА кафедралар қауымдастығы” РҚБ рөлі

2021 жылғы 26 қарашада “BOLASHAQ” академиясының жалпы білім беру пәндері кафедрасының мүшелері “Шаңырақ” Қазақстан халқы ассамблеясы кафедралары қауымдастығының “Жаңа тарихи кезеңдегі ҚХА кафедралары қауымдастығының рөлі” тақырыбындағы кеңейтілген отырысына қатысты. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Отырыс модераторы п.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының профессоры Бибігүл Бөлегенова болды.

Отырысқа 90-нан астам адам, оның ішінде ҚР ПӘ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ерлан Абдакасов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева, сондай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми-сарапшылық қоғамдастығының өкілдері қатысты. Барлық баяндамашылар ҚХА кафедралары қауымдастығын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған бірқатар тетіктерді ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар мемлекеттік тілдің ҚР-дағы ұлттық бірліктің кепілі ретіндегі рөлін ерекше атап өтті.

Біздің өңірден Қарағанды облысы ҚХА кафедраларының жұмысы бойынша студент жастарды шоғырландыру және этномәдени қауымдастықпен өзара әрекеттесу бойынша РһD, ҚХА кафедралары Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан тарихы және Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің КЕАҚ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Айман Жұманова баяндама жасады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.