“Тоқта, сыбайлас жемқорлық!” тақырыбындағы кураторлық сағат

2023 жылғы 8 қыркүйекте Педагогика кафедрасының эдвайзері А.М. Тәжинин орыс бөлімшесінің Педагогика және психология білім беру бағдарламасының студенттерімен “Тоқта, сыбайлас жемқорлық!” тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттердің құқықтық сана деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, адамгершілік нормаларына оң көзқарасты тәрбиелеу.

Кураторлық сағат барысында студенттермен сыбайлас жемқорлықтың не екендігі, оның мемлекеттің экономикасы, саясаты мен әлеуметтік саласына зияны туралы әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ “Балалардың болашағы сіздің қолыңызда!” атты сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының теріс салдары туралы бейнеролик көрсетілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.