2-4 сәуір аралығында Silkway халықаралық университеті мен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі басқармасының «Жалынды жастар» клубында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ»атты ашық республикалық пікірсайыс турнирі өтті.



Турнирде еліміздің 16 аймағынан келген 100 ден астам үздік пікірсайысшылар бақ сынады. Қарағанды облысы атынан 2 спикерден тұратын 6 команда қатысты.
«Болашақ» дебат клубының мүшесі, К-17-1 тобының студенті Мағрұпжан Бексұлтан “Bolashaq” академиясы атынан турнирге қатысып “Тіл сақшысы” номинациясына ие болды.
Бексұлтанды құттықтаймыз!