“Болашағымыз бірлікте, Яссауи Кубогы-4” республикалық дебат турниріне қатысу

10-11 наурыз күндері Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық университеттің ұйымдастыруымен “Болашағымыз бірлікте, Яссауи Кубогы-4” республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 130-ға жуық пікірсайысшылар қатысқан бұл жарыста Қарағанды өңірінің атынан К-17-1 тобының студенті Мағрұпжан Бексұлтан қатысты.

Қазақ пікірсайысының атаулы майталмандары бақ сынаған бұл байрақты бәсекеде Алматы қаласының пікірсайысшылары топ жарды.

Тарихында төртінші рет ұйымдастырылған аталмыш сайыс жоғарғы деңгейде өтіп, келген студенттердің көңілінен шықты.

К-17-1 тобының студенті Мағрұпжан Бексұлтан

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.