“Біздің өмірімізде зорлық-зомбылық пен қатыгездікке жол жоқ!”

2024 жылдың 5 сәуірінде “Педагогика” кафедрасының эдвайзері А.М. Тәжинин орыс бөлімшесінің “Педагогика және Психология” білім беру бағдарламасының студенттерімен “Біздің өмірімізде зорлық-зомбылық пен қатыгездікке жол жоқ!” тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттер арасындағы агрессивті, жанжалды мінез-құлықтың алдын алу, мейірімділік, төзімділік, өзара түсіністік сияқты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Кураторлық сағат барысында студенттермен біздің өміріміздегі зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің зияны, студенттік ортадағы жанжалды жағдайлардың алдын алудың маңыздылығы, қоғамдағы өзара сыйластықтың, төзімділіктің, өзара түсіністіктің маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.