“Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ”ашық республикалық дебат турнирі

2-4 сәуір аралығында Silkway халықаралық университеті мен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі басқармасының “Жалынды жастар” клубында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында “Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ”атты ашық республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирде еліміздің 16 аймағынан келген 100 ден астам үздік пікірсайысшылар бақ сынады. Қарағанды облысы атынан 2 спикерден тұратын 6 команда қатысты.

“Болашақ” дебат клубының мүшесі, К-17-1 тобының студенті Мағрұпжан Бексұлтан “Bolashaq” академиясы атынан турнирге қатысып “Тіл сақшысы” номинациясына ие болды.

Бексұлтанды құттықтаймыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.