Ішкі саясат саласы қызметкерлеріне арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсіндіру және идеологиялық жұмыстар жүргізу бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Әдістемелік құрал ішкі саясат саласы қызметкерлерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және ілгерілету аясында жүргізілетін идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында дайындалды. Аталмыш құрал Бағдарлама бойынша идеологиялық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетуге және ішкі саясат саласы қызметкерлерінің құзыреттерін жетілдіруге бағытталған. Әдістемелік құрал жергілікті атқарушы органдар жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің қызметкерлеріне арналған.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.