«Поэзия менімен егіз бе едің?»

2021 жылғы 5 қазанда «Bolashaq» академиясы білім ордасында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарымен бекітілген «Поэзия менімен егіз бе едің?» атты Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған әдеби-танымдық кеш өтті. Іс шараны қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Н.Т. Ахметова ашты.

Тәуелсіздік –халықтың үні, ұлттық тілі мен ділі, мәңгілік елдің бастауы, еліміздің ең үлкен құндылығы екенін айта келіп, ақиық ақын Мұқағали мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа таныту мақсатындағы шаралардың маңыздылығына тоқталды. Іс шараға академия оқытушылары мен білім беру бағдарламасының белсенді студенттері қатысты.

Әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде. Шындығында, Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнаған.

Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналған тәрбие сағаты өте қызықты өтті.

Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық. Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер «көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын» десе, кей оқырмандары «жоқ, ол қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын» дейді. Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып, бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағали ақын өлеңдері жүрек тебіренте оқылды. Академия студенттері қандай да бір іс шараны қолға алмасын жауапкершілікпен,жоғары деңгейде өткізе біледі.

Осы орайда өз өнерлерін көрсеткен: К-18-1 тобынан Төребаева Асыл,Кабай Күннур, Қазбекқызы Нұргүл, Шәйкен Алтынай, Қосылбеков Нұрхан, К-20-1 тобынан Оразхан Айкенже, Төкен Мөлдір, Жұрағат Аймарал сынды студенттерімізді атай кеткен жөн.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.