Түлекпен кездесу

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында «Bolashaq» Академиясы қабырғасында  түлекпен кездесу кеші өтті.Кешті ұйымдастырған Академия түлектер қауымдастығы, ЖІК  және «Фармациялық пәндер» кафедрасы.

  Қауымдастық Академия мен түлектер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, арнайы бас қосулар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда.

Академия түлектері қазіргі таңда республикамыздың барлық аймақтарында еңбек етіп жүр. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – олардың елге, қоғамға сіңірген еңбегін көрсету, жастарға насихаттау. Өйткені, жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері ие боларлықтай үлгі ұсынуымыз керек. Сол үшін де түлектердің ішінде оза шауып, өзінің табандылығы арқасында биіктерді бағындырып жүргендері баршылық. Сондай түлектердің бірі және бірегейі – Ерболат Тулебаев.

Ерболат 2011-2016 жылдар аралығында Академия ордасында «Фармация» ББ-да білім алған. Түлек бакалавр білімін ары қарай магистратурамен жалғастыра оқып бітірді, енді Ерболат – Фармация мамандығы бойынша PhD философия докторы. Бұл – үлкен жетістік.

Төлебаев Ерболатты докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз!

Кездесу кешін ӘТЖ проректоры Р.Н.Исмаилова ашып, кездесудің мақсатын студенттерге түсіндірді. «Фармациялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Д.К.Пахомова бүгінгі кездесудің қаншылықты маңызды екенін айта отырып, өзінің жүрек жарды пікірін білдірді. Ерболатқа білім берген ұстаздары да сөз кезегін алып, тілектерін жолдады.

 С.К.Болдыш, түлекке деген ыстық ықыласын жолдай отырып, жастарды білімге, ғылымға шақырды. Ерболаттың кураторы – К.С.Темиреева түлектің студент шағында қандай ерекшеліктері болды және мақсатқа жету жолында ғылымға қалай талпынғаны жайлы оң пікірлерін білдірді.

Алғашқы ғылыми мақала жариялауына себепкер болып, жас жеткіншекке жөн сілтеген ұстазы   Г.Н.Тукубаева, Ерболаттың өзіне сай жауапкершілігі мен үлгі боларлық еңбекқорлығы жайлы пікірін ортаға салды.

 Өз кезегінде түлегімізге сөз беріліп, ол Академия қабырғасында жүргенде білімін қалай шыңдағаны жайлы, қоғамдық іс шараларға қалай белсенді қатысқандығы жайлы сөз етті. Дайындап келген студенттік өмірден естелік презентация – видео материалдарын студенттерге паш етті. Академия студенті қатарындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Сондай-ақ, ғылым жолына қалай келгені, жетістікке жетудің қандай жолдары бар екендігі туралы қажетті кеңестерімен бөлісті.

Ал, студенттер өз кезегінде қызықты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Қазіргі уақытта Ерболат Әбибіллайұлы КЕАҚ Қарағанды медицина университеті, Фармация мектебінде жұмыс істейді. Ерболатты табысты қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз. Біз сізбен мақтанамыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.