Аймақтық байқау жүлдегерлері

Қарағанды қаласы «Bolashaq» Академиясының  құқықтану мамандығының 1-курс студенті Адкина Алина мен шет тілдері мамандығының 1-курс студенті Мурадова Рузалина 10.11.2023ж. академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Филология факультетінің  85 жылдығына орай  Қарағанды қаласы  ЖОО мен колледж студенттері    арасында  өткен «Мағжан оқулары» атты аймақтық байқауға қатысты.

Байқаудың өткізілу мақсаты – мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілді жетік білетін студенттерді ынталандыру, көпшілікке, жастарға үлгі ету.

 Байқау тіл білгірлерінің  Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы  жайлы білімдерін ортаға салуға, ақынның таңдамалы  шығармаларын  жатқа айтуға деген құлшыныстарын арттыруға, шығармашылық ойлау қабілеттерін шыңдауға арналған.

 Қатысушы студенттер төмендегідей кезеңдер бойынша сайысқа түсті:

I КЕЗЕҢ. МАҒЖАННЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫНА арналған       викториналық сұрақтарға толық, жан-жақты жауап беру;

II  КЕЗЕҢ.  МАҒЖАН ЖЫРЫ  – МӘҢГІЛІК!  Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа оқу. Бұл сайыста басты талап:

–     Өлеңнің идеялық-көркемдік мәнін түсінуі;

–     Оқу мәнері,  дыбыстардың анық, дәл айтылуы;

–    Шығармаға тән эмоционалды реңкті жеткізуі, әртістік шеберлігі.

Осы екі сайыстан мүдірмей өтіп, біздің студенттер жақсы  көрсеткіш көрсетті. Шет тілдері мамандығының 1-курс студенті Рузалина Мурадова    ІІ орынды иеленсе, Құқықтану мамандығының 1-курс студенті Алина Адкина университет ректорының Алғыс хатымен  марапатталды.  Тілге деген құрметтері және тіл мәртебесін көтерудегі еңбектері үшін студенттерімізге және қазақ тілі пәнінің оқытушысы, тіл жанашыры Б.А.Абылбаеваға да алғысымыз шексіз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.