On-line режимінде ректормен кездесу туралы оқытушының пікірі

“Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Қ. Н. Менлібаевпен on-line режимінде өткізілген ПиП және ДиНО кафедраларының ПОҚ кездесуі әлеуметтік желілерде оқытушылардың жеке парақшаларында көрініс тапты.

15.04.2020 жылы «Bolashaq» Академиясының ректоры, ф.ғ.к., профессор Меңлібаев Қ.Н. «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» мен «Педагогика және психология» кафедраларының профессор- оқытушылар құрамымен.

Skype бағдарламасы арқылы on-line кездесу өткізді. Кездесуде қазіргі жағдайдағы толғандырып жүрген сұрақтар мен ұсыныстар жайлы ой бөлісті. Кездесуге академияның оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректоры, п.ғ.к, доцент У.Т.Киреева, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, п.ғ.к., профессор Т.П.Смолькина және ОӘБ басшысы С.Б.Бекжанова қатысып, оқытушылардың сұрақтарына жауап беріп, жұмысымызға сәттілік тіледі.

On-line кездесу өте жылы қатынаста, белсенді, өзара түсіністік жағдайында өтті.

Меңлібаев Құралбай Несіпбекович оқытушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осылай жоғары бел¬сенділік танытуға шақырды.

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Сарбасова К.А.

Читать на FaceBook

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.