2022 жылғы 18 сәуірде Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы арнайы мониторингтік топ басшысының орынбасары Бейбіт Қайыржанұлы Жұмабеков шақырылып, 1 курс студенттерімен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері” пәні бойынша “Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік” тақырыбында практикалық сабақ өткізді.



Студенттер ұсынылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы материалдармен танысты. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының мысалдары келтірілді, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 1424 Call-орталығының қызметі туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді, “АДАЛ ҰРПАҚ” жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтылды, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың статистикасы келтірілді.