Күзгі жиын – терін

Күзгі жиын-теріннен “Bolashaq” Академиясында бірнеше жылдан бері келе жатқан игі дәстүр бар. Академия басшылығы профессор –оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге сондай-ақ, жатақханада тұратын студенттерге жеткілікті мөлшерде көкөніс өнімдерін үлестіреді.

Осындай сый-сияпатқа Академияның ұжымы да ие болып отыр.
Академия қаражатына жоғары сапалы көкөністердің ассортименті сатып алынып, Академия қоймасына жеткізілді және әр отбасына бөлінді.
“Күз – береке,байлықтың бастауы” демекші, Академия ұжымы қысқа әзірлік кезінде көкөністерді жинауға байланысты ауыртпалықты жеңілдетуге көмектесіп, әлеуметтік – моральдік күш беріп, қап-қап картоп пен қызылша, сәбіз, сарымсақ, қырыққабат өнімдерін алуға жағдай жасап жатқаны үшін әкімшілікке ризашылықтарын білдіруде.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.