25 ақпанда ҚарУ – да студенттік өзін-өзі басқару органдарының өңірлік форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты студенттік ортадағы жастар ұйымдарының рөлі және жастар саясатын іске асыру болды.
Іс-шараларға облыстың 9 ЖОО-ның студенттік ұйымдары қатысты. Аталған іс-шараға “Bolashaq” академиясының студенттік ұйымдарының үйлестірушілері (Сыздық Анияш, Әбілжанов Әділет, Әбдірейім Қанағат) қатысты. Форум барысында тақырыптық семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды.
Шақырылған қонақтар қатарында Дидар Смағұлов, Кирей Влад, Жакин Ардақ, Смағұлов Асылан болды. Форум соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Форум көптеген шығармашылық идеяларды, жобаларды ұсынды және перспективалық жоспарларды белгіледі.