2022 жылғы 14 қазанда құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., профессор А.Т. Қабжанов Ю-20-1, Ю-20-1к топтарының студенттерімен кездесу өткізді. Ақылбек Тайбулатұлы кәсіби қызметте бәсекеге қабілеттілікті, ұтқырлықты, әлеуметтік бағдарлануды қамтамасыз ететін білім берудің маңыздылығына ерекше назар аударды.


Сондай-ақ студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес дайындалған арнайы бейне-роликті тамашалады.