22 қазан күні Заң пәндері кафедрасының Ю-18-2, Ю-19-2к, Ю-17-1к топ студенттері кафедра оқытушылары А. Ж. Абдижами және С. И. Көпжасарова, Б. К. Сыздық сот ісін жүргізуде қолданылатын ақпараттық жүйелердің баспасөз туры аясында №2 Қазыбекби аудандық сотына барды.
Алдымен БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестіруші, судья Шайзадаев Бақытбек студенттердің назарына аудандық соттың жұмысы туралы ақпаратты, сот жүйесіне енгізілген барлық ақпараттық технологиялар туралы мәліметтерді ұсынды, жүргізілген реформалар мен қолданыстағы пилоттық жобалар туралы айтып берді.
Одан кейін ол электрондық азаматтық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері туралы, сондай-ақ сот жүйесіндегі жаңалықтар туралы, ашықтық, жариялылық және ашықтық қағидаттарына қол жеткізу, сот ісін жүргізуді жеңілдету, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру туралы айтып өтті.