Швейцариялық “Acino”компаниясының өкілдерімен дөңгелек үстел жұмысына қатысу

2023 жылғы 9 қазанда фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті О. А. Сиволобова және ФМ-19-1 тобының студенттері швейцариялық “Acino”фармацевтикалық компаниясының медициналық өкілдері өткізген дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Бұл іс-шара “Не? Қайда? Қашан?” түрінде өтті. Онда фармацевтикалық және медициналық білім саласынан қызықты сұрақтар қойылды. Ойын қорытындысы бойынша біздің команда 2 орын алды. Содан кейін компания қызметкерлері қатысушыларға “Acino” компаниясы шығаратын дәрі-дәрмектер туралы ақпарат беріп, пациенттерге фармацевтикалық кеңес беру туралы сұрақтарға жауап берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.