2020 жылдың 11 желтоқсанында ZOOM-платформасында “Таза сессия” акциясы аясында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ескерту мақсатында “Bolashaq” академиясының студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында “Bolashaq” академиясының ӘТЖ жөніндегі проректоры Б.Т. Ахметова және Ю-19-2 тобының студенті Марлен Қожахметов ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жай-күйін, сондай-ақ оқу процесінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің пайда болуының негізгі мәселелерін түсіндірді.
Біз хабарлаймыз!
ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің барлық көріністері туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 1424 жедел желісіне хабарлай аласыз.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.