Пікірсайысшыларға арналған семинар-тренинг

Сіз дебатшысыз ба, әлде осы бағытта өзіңізді сынап көргіңіз келе ме? 2022 жылғы 14-18 қараша аралығында қаламыздың жетекші жаттықтырушы-дебатерлерімен арнайы семинар-тренингтер өткізілетін болады. Оқыту офлайн және онлайн, тікелей эфир форматында жүргізіледі.
Оқыту АПФ-ке сәйкес: (Американдық – парламенттік формат), БПФ (Британдық – парламенттік формат) және ЛД форматы (Линкольн-Дуглас форматы) бойынша қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Өзіңізді дебатшы ретінде сынап көру әлі де кеш емес! Сіздерді Ерубаев көшесі, 16, “Воlashaq” академиясы мекен-жайында күтеміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.