2-курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды онлайн-конференция

2020 жылдың 14 желтоқсанында “6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері үшін педагогикалық практика бойынша қорытынды онлайн-конференция өтті. Конференция Skype платформасында on-line режимінде өтті.

Іс-шараға БОПмӘ -19-2к тобының студенттері, практика бойынша әдіскер Ж. М. Қонысбаева, практикаға жауапты кафедра аға оқытушысы Е.А.Голомазова, аға оқытушы Д.М.Искакова және практика жетекшісі Қ.А.Сарбасова қатысты.

Студенттер 2020 жылдың 07 желтоқсанынан 11 желтоқсанына дейін өткен педагогикалық практика бойынша өз есептерін ұсынды. Олар өздерінің онлайн-баяндамаларында жетістіктер мен проблемалар туралы, мұғалім, педагог рөлінде болғандағы әсерлері туралы айтты. Студенттер әдіскерлер, тәжірибе жетекшілері тарапынан қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Аталған конференцияның қорытындысы – есеп беру құжаттарының нәтижесі бойынша студенттерге қорытынды баға қою. “6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері практикадан сәтті өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.