Әкімшілік полиция қызметкерлерімен онлайн кездесу

2020 жылдың 1 желтоқсанында онлайн режимде ZOOM платформасында қаланың студент жастарының әкімшілік полиция қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Қарағанды облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жартыбаев Елжас Асылбекұлы спикер болды.

Кездесу тақырыбы: әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік.

Кездесудің мақсаты: әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Полиция подполковнигі Е.А. Жартыбаев қатысушыларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен таныстырды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік Кодексінде қарастырылған құқық бұзушылықтар мен жазалар жиі орын алатынына тоқталды.

Кездесуге “Bolashaq” Академиясының студенттері мен оқытушылары белсене қатысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.