«Bolashaq» академиясы жеке меншік мекемесі әріптес ұйымдастырушылардың қолдауымен 2022 жылдың 29 сәуірінде «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның «Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар» тақырыбындағы секциялық мәжілісі өтті.
«Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар» тақырыбында өткен №4 секция жұмысына қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектептер мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы магистранттары қатысты. Ғылыми-практикалық конференциясының секциялық жиналысында баяндама жасаушылар баяндамаларымен таныстырып, ойларын ортаға салды, сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен алмасты. Секциялық мәжілісі қорытындыланып, ерекшеленгендеріне орындар бөлінді.

1–орын. Абылбаева Баян Алтынбекова, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Мақала тақырыбы: «Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы метафоралану тәсілдері»;
2-орын. Абикеева Анар Жұмағазықызы, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы магистранты. Мақала тақырыбы: «Қазақ және орыс тілдерінің қолданылу аясы мен өмір сүру формалары (функционалдық типтері)»;
3-орын. Касетова Насихат Күмісбекқызы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Мақала тақырыбы: «Кейіпкер болмысының туған табиғатпен байланыстағы жаңаша өрнегі» (қосалқы автормен)

.
«Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» тақырыбында өткен дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға білім беру бағдарламасы оқытушыларының, шетелдік білім орындары қызметкерлерінің, жалпы орта білім беретін мектептер мұғалімдерінің, әсіресе магистранттардың қызығушылықпен қатысқандығы байқалды.