“Bolashaq” академиясының студенттері мен оқытушылары арасында шағын футболдан турнир

11 мамыр күні “Батыр” спорт кешенінде “Bolashaq”академиясының студенттері мен оқытушылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталған турнир Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орайластырылды.

Мәншүк (Мәнсия) Жиенғалиқызы Мәметова – Калинин майданы 3-екпінді армиясының 100-ші жеке атқыштар бригадасының пулеметшісі, аға сержант, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген алғашқы қазақ әйелі.

Турнирге 6 команда қатысты: “QORGAN” , “FC SARYARQA”, “ПАХТАКОР”, “EQUITES”, “ХҚК СОКОЛ” және “ШЕРСТЯНАЯ 9/2″оқытушылар командасы.

Турнир қорытындысы бойынша, құрметті 3 орынды “FC SARYARQA”командасы иеленді.

Екінші орында – “EQUITES”командасы.

Тұғырда – “ШЕРСТЯНАЯ 9/2″оқытушы командасы болды.

Сондай-ақ турнирдің үздік ойыншыларына мүсіншелер мен Құрмет грамоталары табыс етілді. “ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ” жүлдесін Оралов Жанас алды (Ю-21-2 студенті). “ҮЗДІК ОЙЫНШЫ” марапатын Есмағамбетов Нұрхан алды (Ю-20-2).

Турнир тіпті шағын турнирлерде де үлкен жеңістердің, рух пен достықтың жеңістерінің болатындығының айқын дәлелі болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.