“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Салт-дәстүрлер” арнайы жобасын іске асыру

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Дәстүр мен ғұрып”атты жаңа арнайы жоба жүзеге асырылуда.

Жаһандану дәуірінде ақпарат пен түрлі мәдениеттер бір-бірімен араласып, олардың арасындағы шекара жойылған кезде ұлттық код пен руханиятты нығайтатын дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жандандыру қажет. “Дәстүр мен ғұрып” арнайы жобасы қазақ халқының рухани мұрасын талдап, өзектендіруге бағытталған.

Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дәстүрлі тағамдарды сақтау әр халықтың мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар жастарды тәрбиелеуде, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты қазақ халқының мәдени мұрасын, дәстүрлері мен тағамдарын сақтау, зерделеу өзекті міндеттердің бірі болып табылады.

Жобаның мақсаты архаикалық дәстүрлерден бас тарту, ұмытылған, бірақ қазіргі заман үшін өзекті дәстүрлерді олардың адамгершілік, тәрбиелік құндылықтары тұрғысынан жаңғырту, сондай-ақ қазақ асханасын танымал ету болып табылады.

Жоба шеңберінде телевизиялық арналар мен радиода “100 қазақ дәстүрі” және “Қазақстанның 100 ұлттық тағамы” жаңа мамандандырылған бағдарламаларын әзірлеу және іске қосу, деректі фильмдер, токшоу, мәдени бағдарламалар шығару, білім беру мультфильмдерін, балаларға арналған анимациялық фильмдер мен бағдарламалар шығару және тағы басқалар жоспарлануда.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар салт-дәстүрлермен танысуға, термин сөздерді, баталарды, дәстүрлі тағамдарды әзірлеу әдістерін, ұлттық киімдерді, ұлттық қолөнерді, зергерлік бұйымдарды және т.б. зерделеуге мүмкіндік беретін “Dastur” мобильді қосымшасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

Жобаны іске асыру нәтижесінде ұлттық рухты, тәрбие дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту, дәстүрлі құндылықтарды жас ұрпақ арасында тарату, ұмытылған бірегей ұлттық тағамдарды қалпына келтіру және танымал ету, гастрономиялық туризмді дамыту және қазақ тағамдарының тарихын зерттеуге қызығушылықты арттыру күтілуде.

Академияның барлық білім беру бағдарламаларының студенттері Қарағанды бейнелеу мұражайы өткізген “Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері” көрме залының виртуалды экскурсиясына қатысты.

Көрменің шолуымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://vk.com/wall-165617913_652

“Руханият ” ҒЗО

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2020/11/dastur-рус.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2020/11/dastur.pdf

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.