Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында “Рухани жаңғыру”бағдарламасының басым бағыттарын іске асыруға бағытталған 17 арнайы жоба жұмыс істейді. 2020 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыс істеп тұрған 13 жобаға прагматизмге, ұтымды дағдыларға тәрбиелеуге, рухани мұраны насихаттауға, табанды еңбектің арқасында табысқа жеткен қазақстандықтардың мысалдарын танымал етуге бағытталған тағы 4 жаңа жобаны қабылдауға бастамашылық етті. Олар: “Еңбек – елдің мұраты”, “құқықтық мәдениет”, “үнемдеу –қоғамның энергиясы”, “салт-дәстүрлер” атты жаңа арнайы жобалар.
“Bolashaq” академиясында барлық білім беру бағдарламаларының кураторлық сағаттарында “Еңбек – елдің мұраты”арнайы жобасын іске асыру тұжырымдамасы талқыланды.
Өзектілігі. COVID-19-ны болдырмау мақсатында әлемнің көптеген елдерінде енгізілген ұзақ мерзімді карантиндік шаралар адам мен қоғам өмірінің барлық саласына теріс әсер етті. Мамандардың пікірінше, коронавирус қоғамның көптеген салаларында әдеттегі өмір салтын айтарлықтай өзгертеді.
Экономика саласында: – жаңа дағдылар мен біліктіліктерді немесе қайта мамандандыруды талап ететін ескілердің орнына жаңа өндірістер мен технологиялар пайда болады;
– ұзақ карантин мен практиканың болмауы қызметкерлердің бір бөлігінің шеберлігі мен құзыреттерінің төмендеуіне алып келеді, бұл біліктілікті арттыру мен білімді жаңартуды өзектендіреді;
– әлеуметтік бағдарланған мемлекеттерде үкіметтер азаматтарға біржолғы төлемдер төледі, осы саясаттың сыншылары “тікұшақ ақшасын” тарату қоғамдағы масылдық көңіл-күйдің өсуіне алып келеді деп санайды.
Бұл проблемалар еңбекке деген сүйіспеншілікті танымал ету қажеттілігін көрсетеді. Үздіксіз білім алуға және өзін-өзі дамытуға шақыру карантин кезеңіндегі мемлекеттік идеологиялық саясаттың бір бөлігі болуы керек.
Осыған байланысты, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шілдедегі “Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам” мақаласының негізгі тұжырымдары мен идеяларын “Рухани жаңғыру”бағдарламасының мазмұнына енгізу өзекті болып отыр.
Арнайы жобаның мақсаты: әр жастағы үздіксіз білім беру және кәсіптік бағдар беру идеясын дәріптеу, табанды еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы өскелең ұрпаққа еңбекке деген сүйіспеншілікті ояту.
Арнайы жобаның міндеттері: – “Рухани жаңғыру” бағдарламасының мазмұнын Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының тұжырымдамаларымен және идеяларымен толықтыру;
– табанды еңбектің арқасында өмірде табысқа жеткен табысты адамдардың рөлдік модельдерін жасау;
– кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейту және үздіксіз білім беруге, ұдайы өзін-өзі жетілдіруге шақыру;
– қоғамдағы әлеуметтік инфантилизмді төмендету.
Арнайы жобаның мақсатты аудиториясы:
Қазақстан халқы. Арнайы жобаны іске асыру тетіктері:
-алға жылжыту теориясының құралдарын қолдану (Nudge Theory). Мысалы, қоғамдық орындарда Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазылған баннерлер орналастыру.
1 – “Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам” мақаласының идеяларын “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына енгізу. Еңбек әулеттерін танымал ету:
2. еңбек әулеттері қатысатын хабарлар циклі, подкасттар;
3. қоғамдық орындарда еңбек әулеттері туралы фотосессиялар ұйымдастыру;
4. әлеуметтік бір салада жұмыс істейтін бірнеше ұрпақтың отбасы тарихы туралы айтатын челлендждер ұйымдастыру;
“Мен-профи” жұмысшы мамандықтар конкурсын өткізу. Өндіріс кезінде кәсіптік бағдарлау алаңдарын ұйымдастыру (экскурсиялар, кездесулер, ашық есік күндері).
Арнайы жобаның әкімшісі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Арнайы жобаны іске асыру тиімділігін өлшеу индикаторлары:
2021 жылға арналған “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық іс – шаралар жоспарында және әрбір өңірдің осыған ұқсас жоспарларында іс-шаралардың/жобалардың болуы;
– еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған еңбексүйгіштік, еңбек әулеттері және басқа да сипаттағы хабарлар, жарияланымдар, билбордтар саны;
– Қазақстандықтардың құндылық бағдарлары туралы жыл сайынғы әлеуметтік зерттеу жүргізу;
Күтілетін нәтижелер:
“Рухани жаңғыру” идеологиялық бағдарламасының мазмұны еңбексүйгіштік және еңбек қызметі туралы идеялармен толықтырылатын болады;
– табанды еңбектің арқасында өзінің кәсіби саласында жетістікке жеткен, өскелең ұрпақ үшін рөлдік модель болатын адамдардың өмірі мен қызметі кеңінен насихатталатын болады;
– барлық жастағы адамдар үшін бағдарлану жұмысы күшейтілетін болады;
– қоғамдағы әлеуметтік инфантилизмнің төмендеуі назарда болады;
Еңбек-елдің-мұраты