Республикалық ХХІV Абай оқуларының облыстық кезеңі

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.З. Сембиев  2023 жылғы 12 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға білім беру аймақтық ғылыми – практикалық орталығы ұйымдастырған Республикалық ХХІV Абай оқуларының облыстық кезеңіне қатысты. Облыстық байқау Қарағанды қаласы білім беру бөлімінің «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында өткізіліп, байқау соңында Қ.З. Сембиев облыс, аудан және қанаттас қалалардан келген 11-сынып оқушыларына «Bolashaq» Академииясы туралы және білім беру бағдарламалары жөнінде ақпарат берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.