Студенттерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық сағаты» өткізілді

2023 жылдың 5-11 мамыры аралығында “Bolashaq” Академиясы студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыпта «Адалдық сағаты» өткізілді.

Студенттерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің экс-қызметкері Азамат Есжанов туралы түсірілген видеороликті көрсету ұйымдастырылды.
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында топ кураторлары іс-шара өткізу барысында аталған тақырыпты талқылады.

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында өткен кураторлық сағаттар сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеуге жетелейді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.